Машырық қажы Хожаназарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Машырық қажы Хожаназарұлы (1842, қазіргі Ақ¬шұқыр ауылы1919) – Маңғыстау түрікмендерінің старшинасы (18701919). 19 ғасырдың аяғында Маңғыстауды мекендеген түрікменнің абдал, егдір, шәудір рулары ақылды, өмір тәжірибесі мол Машырық Хожаназарұлын өздеріне басшы етіп сайлайды. Алғашында майор, подполковник , артынан полковник атағын алған. Машырық қажы сонымен қатар 1903 жылы 3-дәрежелі Қасиетті Станислав орденімен, 1873 жылы Хиуа жорығына қатысқаны үшін үлкен күміс медальмен, 1887 жылы Александров лентасындағы үлкен алтын медалімен марапатталған. Машырық қажы тек патша өкіметі алдында ғана емес, Маңғыстау түбегін мекендеген түрікмен, қазақтар арасында да беделді, сыйлы болды. 1919 жылы өзі басқарған руларымен Түрікменстанға қоныс аударады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Машырық қажы Хожаназарұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}