Машрапов Бахыт Тоқтамысұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Машрапов Бахыт Тоқтамысұлы - 1946 жылы РКФСР-дың Омбы облысында туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

  • 1968 жылы Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркем-сурет училищесін бітірген.
  • 1973 жылы Ив.Федоров атындағы Украин полиграфия институтын бітірген.
  • 1972 жылдан кітап графикасы саласында қызмет істейді.
  • 1973-1989 жылдарда "Жазушы" баспасында, "Дидар" және "Қазақстан" баспаларында көркемдеуші, безендіруші, редакторлық жұмыстар атқарған.

Оның кітап безендіру саласындағы жұмыстары ерекше бағаланып, Лейпциг қаласында өткен халықаралық "Кітап өнері" ІВА-77, ІВА-79 көрмелеріне қатынасты. Еңбектері Мәскеуде өткен бүкілодақтық және Орта Азия мен Қазақстан республика аралық конкурстарда I, II, III дәрежелі дипломдарға ие болды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}