Машкеев Әукен Қиясұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Машкеев Әукен Қыясұлы (19.10.1933 ж.т., Алматы облысы Кеген ауданы Көлбастау а.) — ғалым, медицина ғыл. докт. (1991), проф. (1993), Қазақстанның еңб. сің. қызметкері (1998). Алматы медицина ин-тын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина ун-ті) бітірген (1958).
1964 жылдан Педиатрия және балалар хирургиясы ғыл. орталығында [директордың орынбасары, директор (1985 — 92), гастроэнтерология бөлімінің бас ғыл. қызметкері (2001 жылдан)] болып жұмыс істеді. 1992 — 94 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрінің ғыл. жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1998 жылдан осы мин-тің Қазақстанда полимелитті жою жөніндегі сертификациялау к-тінің төрағасы. Негізгі ғыл. еңбектері сәбилер тағамы гигиенасы, емшек жасындағы балаларды тамақтандыруды оңтайландыру, балалардың тағам жетіспеушілік және ішек-асқазан ауруларын емдеу мәселелеріне арналған. М- тің басшылығымен балаларды құрамы ана сүтінің құрамына жақын ұйытылған сүт қоспаларымен қолдан тамақтандыру мәселелерінің концептуальді жолдарының тиімді клиник.-гигиен. негіздері жасалды. Сол арқылы балалар гипотрофиясы, мешел, анемия ауруларының алдын алуға болатындығын дәлелдеді. Сауып алынған емшек сүтінің құрамын сол қалпында сақтай отырып, оны өңдеудің ерекше тәсілін тапты (1991). М-ке акад. Т.Шармановтың басшылығымен орындалған “Қазақстан Республикасында тағамтану ғылымының іргелі де қолданбалы аспектілерін дайындау” ғыл.-зерт. жұмыстар циклдері үшін Қазақстан Мемл. сыйл. берілді (2001). “Құрмет белгісі” орденімен медальдармен марапатталған.
Шығ.: Жас балаларды тамақтандыру, А., 1978; Балалар тағамындағы ұйытылған сүт қоспалары, А., 2001 (телавтор); Балалар микробиоценозының қалыпты және патологиялық жағдайындағы ерекшеліктері, А., 2002 (телавтор). Қ. Мәжібаев

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Машкеев Әукен Қиясұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}