Машинамен су көтеретін гидротехника торабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Машинамен су көтеретін гидротехника торабы — гидротехникалық имараттар кешені. Тиісті су көздерінен машина (сорғы) арқылы өңдіріс орындарына әр түрлі мақсатта, су беру үшін қолданылады. Машинамен су көтеретін гидротехника торабының атқаратын қызметіне қарай, құрамы да былайша өзгеріп отырады: 1) бас тоған имараты немесе арнайы құрылғылар суды су көзінен бекітілген кесте бойынша алып, жер суландыруға, суаруға, құрғатуға, сумен қамтуға, су әкетуге және халық шаруашылығының әр түрлі объектілеріне беруге арналған; 2) тасымалдаушы имараттар суды бас тоғаннан сорғы станңиясына дейін ашық каналдар, жабық құбырлар, жағалаулық құдықтар аркылы жеткізеді; 3) алғы камера станциясы машинамен су көтеретін гидротехника торабының алдыңғы жағына орнатылып, оны жеткізуші каналмен қиюластыру міндетін аткарады; 4) сорғы станция имаратын гидромеханикалық және энергетикалық құрал-жабдықтарды басқару және автоматтандыру құралдарымен қатар орналастырылады; 5) арынды құбыр желісі, сұйықтықты су жібергішке, тегеурінді су мұнарасына, тазарту имаратына, таза су резервуарына, келесі сорғы станциясына және т.б. нысандарға тасымалдайды; 6) су жібергіш, арынды құбырды магистральды каналмен жабық түрде қиюластыру және келген суды тұтынушыға бөліп беру, тегеурінді су мұнарасы — суды тұтынушыға таратып беру, тазарту имараттары — суды тиісті дәрежеге дейін тазарту міндетін атқарады. Машинамен су көтеретін сорғы қондырғысының немесе станциясының мынадай түрлері бар: 1) мелиорациялық сорғы қондырғылары мен станциялары — суды жер суаруға (суармалау жүйесі) немесе суармалы жерден суды арылтуға арналған суармалау және құрғату жүйесі; 2) жаңбырлатқыш сорғы қондырғылары (жерді жаңбырлатып суару); 3) 1 және 2 сатылы сорғы станциясы (ауыз су және ауыл шаруашылығын, өндіріс орындарын сумен қамту); 4) канализациялық сорғы станциялары (тұрмыстық және өндірістік ақаба суларды окету); 5) мелиорациялық құрылыстағы сорғы қоңдырғьшары; 6) су жолдарындағы сорғы станциялары: су жинағыш электростанциясы (СЖЭС) және су жинағыш сорғы станциясы (СЖСС); 8) көмекші сорғы агрегаттары (тазарту және сүзу имараттарында, техникалық сумен жабдықтау және маймен жабдықтайтын сорғы станцияларында орнатылады).

<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Машинамен су көтеретін гидротехника торабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}