Махмұд сұлтан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Махмұд сұлтан (туған жылы белгісіз — 1470 жылы шамамен қайтыс болған) — Созақтың билеушісі, Жәнібек ханның баласы. М. с. Түркістанда Мұхаммед Шайбани ықпалының нығаюына кедергі жасап, осындағы өз иеліктерін Бұрындық ханмен келісе отырып кеңейтті. 15 ғ-дың 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, Қаратауда, т.б. жерлерде бірнеше ірі шайқастар болып өтті. Йасыны (Түркістанды), Сығанақты бірде қазақ хандары, бірде Мұхаммед Шайбани басып алып, екі жақ кезек жеңіске жетіп отырды. М. с. сондай шайқастардың бірінде қаза тапқан.

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

Сілтемелер

<references />