Махмудқожа Бехбуди

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бехбудий Махмудқожа (10.03.1874, Өзбекстан, Самарқан қаласы — 25.03.1919, Қаршы қаласы) — Түркістандағы жәдидтік қозғалыс жетекшілерінің бірі, өзбек драматургі, журналист, қоғам қайраткері. Самарқан медресесін бітірген (1884).

  • 1900 ж. Мысыр мен Түркияға саяхат жасады.
  • 1903 ж. Қазан мен Уфа (Уфі) қалаларында болып, ондағы жәдит мектептерінің жұмысымен танысты.
  • 1904 ж. Самарқан қаласында жәдиттік мектеп ашты. Жәдит мектептеріне арнап “Қысқаша жалпы география”, “Ислам тарихы” оқулықтарын, “Түркістан, Бұхара және Хиуа картасын” бастырып шығарды. Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтарын бірлікке шақырған мақалалар жариялады. “Ресей мұсылмандары одағы” ұйымының бағдарламасын қолдады.
  • 1908 ж. Самарқан қаласында тегін қызмет көрсететін кітапхана ашты.
  • 1911 ж. “Падаркуш” (“Әке өлтіруші”) атты пьеса жазды.
  • 1914—15 ж. “Айна” журналын шығарды.
  • 1917 ж. сәуірде Ташкент қаласында өткен Түркістан мұсылмандарының 1-съезіне қатысты. Осы жылы 28 қарашада өткен Түркістан мұсылмандарының 4-съезінде Түркістан автономиясы үкіметінің құрамына сайланды.

Бехбудий 1919 ж. қаңтарда Бакуге сапарға аттанып бара жатқанда Бұхара әмірі Бектерінің қолына түсіп, тұтқындалды. Бехбудий Қаршы қаласында азапталынып өлтірілді.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub