Маханды
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Маханды — ортағасырлық қалашық. Жамбыл облысыМерке ауданы Қостаған а-нан шығысқа қарай, өзі аттас өзеннің сол жағалауында орналасқан. 1977 ж. Жамбыл облысы тарихи-өлкетану мұражайының экспед., 1985 ж. ҚазМУ-дың археол. отряды (жетек. М.Елеуов) зерттеген. Ауданы 200 200 м, ені 10 м, биікт. 1,5 — 2 м 24 мұнара қалдықтары бар дуалмен қоршалған. Қалашықтың ортасында тік бұрышты ауданы 50 37 м, биікт. 1 м қамал бар. Табылған заттарға (құман, құмыра,көзе, т.б. қыш ыдыстар) қарағанда М. қалашығын халық 10 — 12 ғ-ларда мекен еткен.
<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Сілтемелер
<references />