Маханджо-Даро

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Mohenjodaro Sindh.jpeg
Археологтар қазып алған Мохенджо-Даро қалдықтары.
Сурет:Mohenjo-daro Priesterkönig.jpeg
Статуэтка жреца из Мохенджо-Даро.

Маханджо-Даро (синдхи тілінде — әруақтар төбесі) — ежелгі Хараппа өркениетінің орны. Әлемдік тарихтағы ең көне қала мәдениеттерінің бірі, іргесі б.з.б. 3 — 2-мыңжылдықта қаланған. М.-Д-ның орны Пәкстан жерінде, Инд өз-нің бойында. Хараппадан оңт.-шығысқа қарай 644 км жерде. Жалпы аум. 259 га. Ғимараттар тік төртбұрышты. Алғаш 1922 ж. үнді археол. Р.Д. Банерджи ашты. Кейіннен Дж.Маршалл, Н.Маджумдар, Э.Маккес, М.Ватс, М.Уилер басқарған экспед-лар зерттеді. Қаланың цитаделі екі төбеден тұрады.

Үлкені 2 ғ-да салынған будда храмының атымен ступа деп аталады. Мұнда күрделі де еңселі ғимараттар көп. Оларға үлкен монша, астық қоймасы, оқу ғимараты, жиналыс сарайы секілді құрылыс орындары жатады. Билеушілер мен ақсүйектердің үйлері де осында.
Еңсесі едәуір төмен қарапайым тұрғын үйлерден тұратын екінші бөлік төм. қабат деген атқа ие болған.

Бұлардың екеуі де күйдірілмеген кірпіштерден салынған тұғырдың (платформаның) үстіне тұрғызылған. Цитадель тұғырының биікт. 13 м. Сол тұғырдың көпшілік бөлігі қазір су астында қалған. Кейбір ғалымдар тұғыр қаланы су алып кетпеу үшін салынған десе, кейбірі цитаделде өтетін маңызды да салтанатты шаралар төм. қалаға көркем сипат беріп тұру үшін салынған дейді. М.-Д-дағы қазіргі қазба жұмыстары алдыңғы қазылған жерлерді қалпына келтіру, сақтау мақсатына бағытталған. М.-Д-да жүргізілген қазбалар нәтижесі Инд өңірінде қала өркениеті деңгейінен құнды мағлұматтар береді. М-Д. мен Хараппа қ-ларында, Калибанган, Лотхал және Дхолавир қоныстарында жүргізілген қазбалар ежелгі Үнді мемлекеті мен өркениеті жайлы ғыл. түсініктерді кеңейтті. Жер асты суларының көтерілуіне байланысты М.-Д-дағы қазба жұмыстары б.з.б. 2300 — 1750 жылдардағы қабатқа дейін ғана жеткен.

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Брей У., Трамы Д., Археологический словарь, ағылш. аудару, М., 1990. Д. Талеев
"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

Сілтемелер

<references />


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маханджо-Даро|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}