Материалды емес мәдени мұра

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:No-Maske Zo-onna Museum Rietberg RJP 4024.jpg
Но маскасы; Жапония - өзінің материалды емес мәдени мұрасын заңнама арқылы (1950 ж.) қорғап, ілгерілеткен тұңғыш мемлекет.

Материалды емес мәдени мұра (Үлгі:Lang-en) — 1990-шы жылдары материалды мұраға басты көңіл бөлетін Әлемдік мұра тізімі аналогиясына сәйкес ұсынылған тұжырымдама. 2001 жылы UNESCO мемлекеттер мен мемлекеттік емес ұйымдардың арасында анықтама дайындап шығу мақсатында сауалнама жүргізіп шыққан болатын. <ref>Meetings (co-)organized by the Section of Intangible Cultural Heritage // UNESCO</ref> 2003 жылы материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция қабылданды. <ref>Safeguarding Intangible Cultural Heritage // UNESCO</ref> Қазақстан Республикасы аталған Конвенцияны 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514-IV Заңға сәйкес ратификациялады.

Конвенцияның мақсаттары мыналар болып табылады:

  • материалдық емес мәдени мұраны сақтау;
  • тиісті қоғамдастықтардың, топтардың және жекелеген адамдардың материалдық емес мәдени мұрасын құрметтеу;
  • материалдық емес мәдени мұраның және оны өзара танудың маңыздылығына жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейлерде назар аудару;
  • халықаралық ынтымақтастық және көмек.

2014 жылдың 26 қарашасынан бері қазақтың дәстүрлі күй өнері мен киіз үй жасау тәсілі әлемдік материалды емес мұра тізіміне енді. <ref>Үлгі:Cite web</ref>

Анықтамасы

UNESCO Конвенциясының 2 бабында материалды емес мәдени мұраға келесіндей беріледі. <ref>Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияны ратификациялау туралы // Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 514-IV Заңы</ref>

Үлгі:Start citation «Материалдық емес мәдени мұра» қоғамдастықтар, топтар және кейбір жағдайларда жекелеген адамдар өздерінің мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде таныған әдет-ғұрыптарды, түсініктері мен пайымдарының нысандарын, білім мен дағдыны - сондай-ақ олармен байланысты құралдарды, заттарды, артефактілерді және мәдени кеңістікті білдіреді. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін осындай материалдық емес мәдени мұра қауымдастықтармен және топтармен оларды қоршаған ортаға, олардың табиғатпен өзара іс-қимылына және олардың тарихына байланысты тұрақты түрде қайта жасалады және адам шығармашылығы мен мәдени әртүрлілікті құрметтеуге ықпал ете отырып, оларда төлтума ерекшелік пен ұрпақтар сабақтастығы сезімін қалыптастырады. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін адам құқықтары жөніндегі қолданыстағы халықаралық-құқықтық актілермен және қоғамдастықтар, топтар мен жекелеген адамдар арасындағы өзара құрмет, сондай-ақ орнықты даму талаптарымен сәйкес келетін материалдық емес мәдени мұра ғана назарға алынады. Үлгі:End citation

Конвенцияда материалдық емес мәдени мұра қандай салаларда көрініс табатыны нақты көрсетілген:

  • материалдық емес мәдени мұраның тасымалдағышы ретінде тілді қоса алғанда, пайымның дәстүрлері мен нысандары;
  • орындаушылық өнерлер;
  • әдет-ғұрыптар, салт-жоралар, мейрамдар;
  • табиғат пен дүниеге қатысты білімдер мен әдет-ғұрыптар;
  • дәстүрлі кәсіптермен байланысты білімдер және дағдылар.


Материалдық емес мәдени мұра қорғау анықтамасы: Үлгі:Start citation материалдық емес мәдени мұраның, ең бастысы формалды және формалды емес жасаудың көмегімен оны сәйкестендіруді, құжаттауды, зерттеуді, сақтауды, қорғауды, танымал етуді, оның рөлін арттыруды, оны беруді қоса алғанда, материалдық емес мәдени мұраның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдауды, сондай-ақ осындай мұраның әртүрлі аспектілерін қайта жаңғыртуды білдіреді. Үлгі:End citation

Суреттер галереясы

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>