Математикалық физика

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Математикалық физикафизикалық құбылыстардың математикалық моделінің теориясы. М. ф. физиканың матем. модельдерді құру салаларымен тығыз байланыста болады. М. ф. 17 ғ-дың соңында И.Ньютонның классик. механика негіздерін, бүкіл әлемдік тартылыс заңын, жарық теориясын жасаудағы еңбектерінде көрініс тапты. 18 — 19 ғ-ларда М. ф. Ж.Лагранж (1736 — 1813), Л.Эйлер (1707 — 1783), П.Лаплас (1749— 1827), Ж.Фурье (1768 — 1830), К.Гаусс (1777 — 1855), Георг Фридрих Бернхард Риман (1826 — 1866), М.В. Остроградский (1801 — 1861), т.б. ғалымдардың зерттеулерінен орын алды. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап М. ф. электрдинамикада, акустикада, серпімділік теориясындағы, гидродинамикадағы,аэродинамикадағы әр түрлі физ. өрістер мен толқынды функцияларда матем. модель құру кезінде қарастырылды. Бұл құбылыстардың матем. моделі көбіне жеке туындылы дифференц. теңдеулер арқылы жазылып, М. ф-ның теңдеуі деп аталды. М. ф-ның матем. модельдерін өрнектеуге интегралдық теңдеулер, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теория, потенциал теориясы, т.б. математиканың салалары қолданылды. Кванттық физика мен салыстырмалық теория саласындағы теор. зерттеулер ЭЕМ-нің және кері есептердің кеңінен қолданылуына байланысты М. ф-ның зерттеу саласының ұлғаюын талап етті. Математиканың дағдылы бөлімдерімен қоса операторлар теориясы, жалпыланған функциялар теориясы, көп комплексті айнымалы функциялар теориясы, топол. және алгебр. әдістер қолданыла бастады. М. ф. есептерін құрастыру физ. құбылыстардың қарастырылып отырған бөлімінің негізгі заңдылықтарын сипаттайтын матем. модель құру болып табылады. Сонымен қатар, физ. құбылыстардың тікелей заңдарына ғана бағынатын, ал қосымшаларын есепке алмайтын заңдар қарастырылады. Мыс., әр түрлі физ. құбылыстар ортақ қасиетке ие болса, онда оларға бір матем. модель қолданылады. Көп жағдайда құрылған модельдің ақиқаттығын М. ф-ның кері есебі арқылы түсіндіруге болады. М. ф. есептері құрылған модельдің белгілі заңдылықтарымен қоса, әлі де белгісіз заңдылықтарын ашуға мүмкіндік береді.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том

Сілтемелер

<references />

Үлгі:Математика

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Математикалық физика|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}