Матайқұм
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Матайқұм — Үстірттің солт. бөлігіндегі құм. Теңіз деңгейінен биікт. 70 — 80 м. Асмантай-Матай сорының оңт-нде батыстан шығысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 12 км-ге жетеді. Ауд. 300 км². Төбешікті құм асты төм. сарматтың әктас сазынан түзілген. Көпшілік жерінде тұщы грунт сулары 1 — 12 м тереңдікте кездеседі. М-да еркекшөп көп өседі. Оңт-нде Матай а. орналасқан.
<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Сілтемелер
<references />