Массагеттер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Mapofsaks.jpg
Массагет тайпалары мекендеген аумағы. 1000 б.з.б — 500 б.з.б

Массагеттер (грек. massagetaі) — ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. Массагеттердің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғылыми деректер жоқ.

Атауы

Кейбір ғалымдар М. атауы “masyo” — “балық” деген сөзден шыққан, сондықтан “балық жегіштер” деген ұғымды білдіреді деп жорамалдаса, екіншілері М. атауы “мас”, “сака” және “та” деген сөздерден құралып, “ұлы сақ (скиф) ордасы” деген мағынаны білдіреді дейді. Енді біреулер М. сөзі “маза — геттер”, “ұлы геттер” деп түсіндіреді.

Тарихы

Кеңес ғалымы С.П.Толстов соңғы болжамның шындыққа жақындығын дәлелдей келіп, Сырдарияның төм. жағындағы археол. ескерткіштерді М-ге тиесілі деп санайды. Бірақ оған қарсы пікірлер де бар. Геродоттың айтуынша, М. көшпелі тайпалар. Олар соғысқа атпен де, жаяу да шыққан, ат әбзелдерінің бірнеше түрлері болған. Қару-жарақтары мен әшекей бұйымдары мыс пен алтыннан жасалған. Ахемен әулеті патшасы Кир М-мен соғыста олардың падиша-ханымы Томиристен жеңіліп, қаза тапқан.

Мәдениеті

Страбонның жазуынша М. күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Страбон М-ге жер өңдеуді кәсіп еткен Арал маңындағы хорезмдік басқа тайпаларды да қосады.

<ref name="test">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Толстов С.П., По древним дельтам Окса и Яксарта, М., 1962; Акишев К.А., Кушаев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, А., 1963. Н. Алпысбаева
"Қазақ Энциклопедиясы", 6 том

Сілтемелер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Массагеттер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}