Марғұлан Ержанұлы Әсембеков
Марғұлан Ержанұлы Әсембеков 1983 жылы 13 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Басшы ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Әсембеков Ержан Әсембекұлы. Анасы - Жақыпбекова Гүлсім.Қазақ туризм және спорт академиясының дене спорт және мәдениеті факультетін бітірген (2005), жаттықтырушы-оқытушы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1998 жылдан - грек-рим күресімен айналыса бастаған. Спортшы, нусқаушы. Грек-рим күресі бойынша ҚР чемпионы (Алматы қ., 2003); грек-рим күресі бойынша 2 мәрте Азия чемпионы (Ухань қ., 2005; 2006); Азия чемпионатының - 3-орын (2003), Әлем кубогының - 2-орын (Алматы қ., 2003), Әлем кубогының - 2-орын (Иран, 2005) алған қатысушысы; Азия чемпионатының 2 мәрте күміс және 2 мәрте қола жүлдегері (2008,2009; 2003, 2010). Грек-рим күресінен халықаралық кластағы спорт шебері.
- Әскери атағы - сержант.
- Діни көзқарасы - ислам.
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлеуметтік-экономикалық өсу».
- Хоббиі - ат спорты және аңшылық.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.
- Бойдақ.
<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>