Мархаба Данабекқызы Ыбырайымова
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мархаба Данабекқызы Ыбырайымова – ызғарлы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан патриот қазақ қызы. 1965 жылы Семей облысы, Мақаншы ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында білім алған. 1986 жылы аталмыш ЖОО-ның 4 курс студенті болған. Желтоқсан көтерілісі салдарынан оқудан шығарылып, қуғын-сүргінге ұшыраған. 2003 жылы ақталып шыққан. <ref>«Желтоқсан қарлығаштары» кітабы.</ref>
Дереккөздер
<references/>