Маркус Рашфорд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Футболшы

Маркус Рашфорд (ағыл. Marcus Rashford;. 31 қазан 1997 жыл, Манчестер) — ағылшын футболшысы, «Манчестер Юнайтед» футбол клубының және Англия Ұлттық құрамасының шабуылшысы.

Клубтық мансабы

Алғашқы жылдары

Манчестердің туылмасы, Маркус Рашфорд бала кезінен «Флетчер Мосс Рейнджерс» командасында ойнаған, бұл қарапайым ұжымда Уэс Браун, Дэнни Уэлбек, Равел Моррисон, Зеки Фрайерс, Джесси Лингард,Тайлер Блэкетт және Кэмерон Бортуик-Джексон сияқты футболшылар ойнаған. Рашфордпен «Эвертон», «Ливерпуль» и «Манчестер Юнайтед» футбол клубтарынын академиялары қызыққан, бірақ Маркустің өзі бала кезінен «Манчестер Юнайтедтің» жан күйері болып сол ұжымда ойнауын армандаған, солай ол манчестерлік ұжымды таңдады. 2005 жылы 7 жасында «Манчестер Юнайтед» академиясыңа ауысты. Маркус Юнайтед академиясында ойнап жүргенде, Манчестер Сити футбол клубы ойыншыны өз қатарыңа қосу үшін көп күш жұмсады. Соған қарамастан Маркус Манчестер Сити футбол клубынан бас тартты.

Манчестер Юнайтед

2015/16 маусым

25 ақпан 2016 жылы «Манчестер Юнайтед» сапында дебюті өтті ол жағдай УЕФА Еуропа Лигасының 1/16 финалында «Мидтьюлландқа» қарсы болған кездесуде футболшы екі гол соққан. Маркус 18 жасында және 117 күнінде еуро турнирде гол соққан «Юнайтедтің» ең жас футболшысы болды. Ал 28 ақпанда «Арсеналдын» қақпасыңа тағы екі гол соққан және Андер Эррераға гол соғатын пас берді. 20 наурызда "Этихад" футбол стадионында жеңіс голын соқты. Кубокта «Вэст Хэм» қақпасыңа жеңіс голын соқты. Осы голдардан кейін «Астон Вилла» және «Борнмут» футбол клубтарының қақпаларыңа гол соқты, сонымен қатар осы голдар қызылсойқандар үшін жеңісті гол болған. Сонында осы маусымда жас шабуылшы 18 ойында 8 гол соққан.

30 мамыр 2016 жылы Манчестер Юнайтед шабуылшымен 2020 жылға дейін келісім шартты ұзартты.

2016/17 маусым

Жаздық үзілісте өзінің 39 нөмірін 19 нөміріңе ауыстырды.

Ұлттық құрама

U-16 және U-18 Англия Ұлттық құрамаларында ойнаған. Өзінің негізгі құрамындағы ең алғаш голын соғу үшін 138 секунд қажет болды. Содан кейін Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон Рашфордті жазда Францияда өтетін Европа чемпионатыңа қосты.

Дереккөздер: