Маркузе Герберт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Маркузе Герберт (1898-1979) - неміс-американдық әлеуметтанушы, философ, неомарксизмнің Франкфурттық мектебінің көрнекті өкілі. Маркузе Герберт - индустриалдық қоғам теориясын солшыл радикалдық бағытта талдауды жақтады. Ол бұл қоғамға бұрынғы төңкерістік сипатынан айырылған жұмысшы табын өзіне кіріктіре алды, ал оның орнына жастардың, студенттердің, зиялы қауым өкілдерінің, маргиналдардың, езіп- жаншылған этникалық азшылықтардың, "үшінші әлем" елдері халықтарының радикалды топтары шықты. Маркузе Герберт идеялары 60-жылдары, әсіресе, "жаңа солшылдар" арасында аса танымал болды. Негізгі еңбектері: "Ақыл-ой мен төңкеріс" (1941), "Эрос пен өркениет" (1955), "Контрреволюция және бүлік" (1972) және т.б.

Маркузеге Гегель, Маркс, Ницше, Фрейд идеялары үлкен әсер етті. Ол жеке адамның бостандығына қатер төндіретін индустриалды қоғам мәдениетіне қарсы бағытталған "сыни теорияны" жасауға қатысты. Ол "бір өлшемді қоғам" және "бір өлшемді адам" ұғымдарын енгізді. Бір өлшемді қоғам деғеніміз - бұрынғы адамгершілік құндылықтарының бәрінен айырылған, басты құндылығы индустриалды даму болып табылатын тоталдық жүйе; бұл қоғам жүйенің өз ішіндегі қандай да бір еркіндікке шек коя отырып, "сыртқы еркіңдік" үшін күреседі. Бірақ күрес қанша нақты жүргізілгенімен, адамға еркіндік берілмейді. Бір өлшемді қалып-күйден шығарылу үшін мәдени құндылықтардын өзгеруі және "ішкі еркіндікті" таба алу кажет. Бір өлшемді қоғам саяси және рухани теңгермешілдік катерлі тенденциясын тудырды және бүған "бір өлшемді" адамның қалыптасуына кінәлі құқьіқ пен бостаңдықтың мән-мағынасына деген парықсыздығымен ғылыми, оқу-ағарту, білім мүмкіндіктердің тудырды.Бір өлшемді қоғам, бір есептен, конструктивтіліктің жоқтығынан қалыптасты, ал бұл оппозицияның болмауына әкеп соқтырды. Бір өлшемді қоғамның қауіптілігі — ол ерекше "адам типін", ештеңе айта алмайтын және айтқысы келмейтін, мемлекеттік құрылымдарға толық тәуелді адамды тудырады. Жалпылық қоғамда сананы баспасөз, теледидар, радио, жарнама, сән және т.б. арқылы қалыптастыру өдістері қоғам мүшелерінің пікірлері мен қажеттіліктерін ғана емес, ішкі сезімдері мен ақылдан тыс реакцияларын да манипуляциялайды <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маркузе Герберт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}