Марков мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық

Марков мұздығы - Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейінде. Үлкен Басқан өзенінің саласы — Кеңсайдың бастауында. 1974 жылы мұздыққа белгілі географ К.К.Марков есімі берілді.

Аумағы

Мұздықтың ұзындығы 5,4 км, ашық жері 4,0 км. Ауданы 5,2 км2, ашық жатқан тілі 1,8 км2, борпылдақ жыныстармен жабылған бөлігі 1,1 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3515 м биіктікте өтеді.

Жер бедері

Мұздық үш камерадан тұрады; үлкені — орталық камера, кішірек екі камера Марков шыңының беткейінде. Моренаның төменгі етегінен өзен басталады. <ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref> <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер