Мария Александровна Грабовецкая

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мария Александровна Грабовецкая 1987 жылы 10 сәуірде Көкшетау қаласында туған. Орыс. Әкесі - Грабовецкий Александр Васильевич, жеке кәсіпкөр. Анасы - Грабовецкая Светлана Гөннадьевна, жеке кәсіпкер. Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген (2008), заңгер. Дәл қазіргі уақытта Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде оқып жүр, ауыр атлетикадан жаттықтырушы. Орыс және ағылшын тілдерін біледі. 2004 жылдан бері - Астана қаласындағы ШҰКД жанындағы спорт нұсқаушысы. «Құрмет» орденімен (2008), ҚР Президентінің құрмет грамотасымен (2007) марапатталған. Көкшетау қаласының құрметті азаматы (2008). Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері (2008). Ауыр атлетикадан 75 кг артық салмақ категориясындағы 270 кг нәтижесімен XXIX олимпиадалық ойындарының қола жүлдегері (Пекин, 2008); Азия чемпионы (Дубай, 2005); Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Прага, 2007); ауыр атлетикадан жастар арасында Азия чемпионы (2004); Азия Чемпионатының қола жүлдегері (2004); жастар арасындағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2007).

  • Әскери атағы - ІІД лейтенанты.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Елдің тұрақты дамуы».
  • Хоббиі - компьютер, Интернет.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - психологиялық романдар.
  • Тұрмыс құрмаған.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub