Мардымдылық
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
5 Мардымдылық — кен ауқымын жиектеу және оның қорын анықтау кезінде, яғни кеннің кәделі қоры мен тастанды қорының ара-жігін айыру барысында сол кенге тән шикізат сапасына және оның өндірістік-геологиялық сипаттарына койылатын талаптілектер жиынтығы. <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>. Кеннің мардымдылығын анықтау оның төмендегі көрсеткіштерін анықтаумен орайласады:
- кен қоры есептелген жеке жондарга тиесілі пайдалы түрбөлшектердің (компонент) ең төменгі өндірістік мөлшері;
- кен денесін жиектейтің өңірлерге тән руда сынамаларына тиесілі пайдалы түрбөлшектердің шектік мөлшері;
- руда денесі қалындығының ең аз мөлшері және оның орналасу терендігінің, ең жоғары көрсеткіші;
- рудалану коэффициентіңің ең аз мөлшері және жабық коэффициентінің ең жоғарғы мөлшері;
- зиянды түрбөлшектердің ең көп мөлшері;
- пайдалы қазба қорының ең аз дегеннің өзінде өндіріліп алуға тиіс мөлшері.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала