Мардан Баймырзаұлы Сапарбаев
Мардан Баймырзаұлы Сапарбаев (17.12.1942, Сайрам ауданы Қарасу ауылы – 21.8.1996) – ғалым, педогогикалық ғылым докторы , профессор Қазақстан Республикасы Педагогика ғылымдары академиясының академигі. Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1965). 1965 – 82 жылдары М.Әуезов атындағы Шымкент педогогикалық институтында грек-рим күресінің жаттықтырушысы әрі аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, факуотет деканы болды. 1982 – 89 жылдары Шымкент дене тәрбиесі техникумының директоры, ал 1989 жылдан Шымкент педогогикалық дене тәрбиесі институтының ректоры болған. 90 КСРО спорт шеберін, 48 Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысын тәрбиелеген. КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысы, күрес спортының жоғарғы санаттағы төрешісі, КСРО дене тәрбиесінің үздігі, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Сайрам ауданының құрметті азаматы. Сапарбаев атында Сайрам ауданында мектеп, ал Шымкент қаласында институт бар.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify
Сілтемелер
"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"