Марданкүйік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марданкүйік – ортағасырдағы қалашық орны. Отырар ауданы Қоғам ауылынан солтүстікке қарай 8 км жерде.

1949–51 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедагогикалық (жетекшісі Е.И. Агеева, А.Н. Бернштам), 1986 ж. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедагогикалық (жетекшісі К.Байпақов) зерттеген. Археологиялық қазбаларға қарағанда қалашық: қамалдан (цитадель), шахристан мен рабадтан тұрған. Тік төртбұрышты қамалдың биіктігі 11 м, ауданы 70–40 м. Тіктөртбұрышты шахристан орнының биіктігі 8 м. Оның солтүстік және оңтүстік қабырғалары 340 м. Шахристан мұнарасы дуалмен қоршалған. Шахристан оңтүстік жағында 8 га алаңды алған рабадпен жалғаса орналасқан. Ол биіктігі 8 м дуалмен қоршалған. Қазба жұмысы кезінде қабырғалары шикі кірпіштен қаланған тұрғын үйлердің қалдықтары, құмыра, тегенелердің сынықтары табылды. Қаланың жоғарғы қабатынан табылған мыс тиындардың бетінде арыстан бейнесі, ал сыртқы бетінде таңба секілді садақтың суреті бар. Бұл тиындар 8 ғасырға жатады. Марданкүйік шахристанынан балшық күйдіретін бірнеше пештердің орны табылды. Алмұрт тәрізді пештің от жағатын және күйдіретін екі бөлігі бар. Күйдіру камерасында от тіреу бағанасы арқылы барған, сонымен қатар бұл бағана пештің жоғарғы күмбезін де тіреп тұрған. Пешті аршу кезінде табылған көзелер 12–13 ғасырларға жатады. Зерттеу жұмыстары орта ғасырларда Марданкүйіктің Оңтүстік Қазақстандағы қолөнер мен сауданың ірі орталықтарының бірі болғанын дәлелдейді.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref> <ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Марданкүйік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}