Маргиналдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Маргиналдық - өз тобынан тыс жалпыға ортақ қабылданған ережелер мен түсініктерден басқа бірегейлік нормаларын табу, өз тобына тән белгілерден айырылып дүбәрә күй кешу. Қараңыз: Мәдени маргиналдылық; Саяси маргиналдылық.

Маргиналдық (лат. marginalis — шет, жиектегі, шекарадағы) — қоғамдағы әртүрлі процесстердің нәтижесінде (көшіқон, этномәдени әрекеттестіктер, қоғамдық жүйелердің модернизациялануы және басқа) пайда болатын, өзге мәдениет. Маргиналдық дәстүрлер мен нанымдарды иеленуші бола тұра бөтен мәдени құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді меңгеруге мәжбүр аралық, шекаралық әлеуметтік топтардың мәдени құндылықтары, дәстүрлері, нанымдары, бағдарлары және тұрмыс саясатының басқа да әлементтерінің конгломераты. «Маргиналды тұлға» ұғымын 1920 ж. өздері үшін жаңа урбанистік тұрмыс қалпына бейімдеуге мәжбүр жағдайға тап болған иммигранттардың мәдени статусы мен сана-сезімін белгілеу үшін Р. Парк ұсынды. Қоғамдық, ресми мойындалған стандарттардан өзгеше нормалары мен бағдарлары оның көрінетін маргиналды субмәдениеттердің ерекше спецификасы бар, мойындалған стандарттан белгілі бір деңгейде бас тарту — басымдық танытып отырған мәдениет өкілдерінің қабылдамауын, өздеріне күштеп тартуын туғызады (мыс., этникалық азшылықтардың жағдайы). Бұл мәселе 19З0 ж. Э. Стоунквисттің зерттелулерінде қарастырылып, зерттелді. Маргиналдыққа тән, тұлғаның мәдени «екіұдайлануы», оның бағдарларының «мәдениаралық» болуы мәдени тұрғыдан өз-өзіне пара-пар болу процесін күрделендіре түседі. Бұл деперсонализацияға, сананың бөлшектенуі, мәдени потенциалдың фрагментарлығына бастауы мүмкін. Зерттеушілер сонымен қатар Маргиналдықтың жекелеген жағдайларында тұлғаның мәдени баий түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

<ref>Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8</ref> <ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Маргиналдық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}