Марат Өмірсерікұлы Әйнеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Әйнеков Марат Өмірсерікулы 1941 жылы 22 маусымда Қарағанды облысының Балқаш қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Әйнеков Өмірсерік, марқұм, жүргізуші болып жұмыс істеген. Анасы - Әйнекова Нұргүлше, марқұм, киім пішуші болған.

Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1994), мүсінші, оқытушы мамандығы бойынша; Көркем- өнер академиясын (Ленинград қаласы, 1973), мүсінші-суретші мамандығы бойынша бітірген.

Суртеші-монументші, мүсінші.

«Әлия Молдағұлова» (Новосокольники қаласы, РФ, 1978), шымкенттіктердің құрметіне естелік (Даңқ обелискі) (Шымкент қаласы,

1978), «В.И. Чапаев» (Орал қаласы, 1983), «Қастеев» (Панфилов қаласы, 1983), «Жамбыл» (1983), «Шәкен Айманов» (Алматы қаласы, 1983), «Ыбырай Алтынсарин» (1985), «А. Тоқмағамбетов» (Қызылорда қаласы, 1985), Екінші Дүниежүзілік соғысқа арналған (Талдықорған қаласы, 1987; Шевченко қаласы, 1987; Жаңа Өзен қаласы, 1988), «Сәтбаев» (Гурьев қаласы, 1988), «Махамбет Өтөмісов» (Гурьев қаласы, 1988), «Шекара солдаты» (Алакөл қаласы, 1989), «Құлагер» (Целиноград қаласы, 1990), «Мағжан Жұмабаев» (Петропавл қаласы, 1994; Булаев ауылы, 1994), «Сәкен Сейфуллин» (Жезқазған қаласы, 1995; Жаңаарқа ауылы, 1995); «Абай Құнанбаев» (РФ, 2006; Тегеран қаласы, Иран), «Мұхтар Әуезов» (Түркия), «Ататүрік» (Түркия), «Еркіндік таңы» (Алматы қаласы) монументтерінің; «Фламинго» (Алматы қаласы); «Құс» (Аташехир қаласы, Түркия, 2001) мүсіндерінің; «барокко» стиліндегі сарайға арналған мүсіннің, қабырға рельефтерінің, қасбеттің, мәрмәр отырғышының (Аңкара қаласы, Түркия); Абай бюстінің (Кечиорен қаласы, Түркия, 2002); «Мағжан Жұмабаев» естелік тақтасының (Кечиорен қаласы, Түркия) авторы.

Туындылары Таксим муниципалитетінің көрме залында (Стамбул қаласы, 1997), «ТарыкЗафер Туная» көрме салонында (Стамбул қаласы, 1998), «Алтунизаде» мәдениет орталығында (Стамбул қаласы, 1998), Ататүрік атындағы Көрме салонында және Мәдениет орталығында (Стамбул қаласы, 1998) қойылған. Тас мүсіндемесі бойынша 5 симпозиумді ұйымдастырған.

Чехословакия, Германия, Польша, Нидерланд, Венгрия, Таиланд, Өзбекстан, Украина, Түрк халықаралық симпозиумдарға қатысқан.

1973-1990 жылдары - мүсінші, Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің арнайы пәндер оқытушысы.

1978-1988 жылдары - Қазақстанның бас суретшісі

2009 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы мүсін кафедрасының доценті. Қазақстанның (1973-1993), Ресейдің Суретшілер мен мүсіншілер одағының мүшесі; ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық суретшілер қауымдастығының мүшесі.

Польшада (1986), Германияда (1989), Түркияда (2001) мүсіндеу өнері бойынша өткен халықаралық симпозиумдардың қатысушысы.

Марапаттар

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен (1987), Тас мүсіндеме бойынша халықаралық симпозиумның алтын медалімен (Ороньск қаласы, Польша, 1986), КСРО Суретшілер одағының, биеннале (Баку қаласы, 1983) Құрмет грамоталарымен марапатталған. Тас мүсіндеме бойынша халықаралық симпозиумда 1-ші орынды иеленді (Хойесверде қаласы, Германия, 1989).

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Діни көзқарасы - атеист.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «XXI ғасырдың Жапониясы». Хоббиі - саяхат жасау. Сүйіп оқитын әдебиеті - С. Есенин, В. Шукшин, М. Зощенко, С. Экзюпери, Шәкәрім.

Үйленген. Жұбайы - Бейсалиева Зияда Садық қызы (1943 жылы тұған), зейнеткер, фармацевт болып жұмыс істеген. Қыздары - Әйнекова Мәдина (1964 жылы туған), Әйнекова Жәмиля (1973 жылы туған); ұлы - Әйнеков Саид (1975 жылы тұған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub