Марат Өмірбайұлы Ыбыраев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Марат Өмірбайұлы Ыбыраев - 1958 жылы 16 қаңтарда Петропавл қаласында туған. Қазақ. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын бітірген (1980), физика пәнінің мұғалімі.

  • 1975 жылдан - Көкшетау қаласы №6 орта мектебі физика кабинетінің зертханашысы.
  • 1976 жылдан - Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының студенті.
  • 1980 жылдан - Көкшетау облысы Володар ауданы Светлое ауылы Тың орта мектебінің физика және математика мұғалімі, 1985-1987 жылдары - директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.
  • 1986 жылдан - Көкшетау облысы Володар ауданы БЖСМ баскетбол бойынша жаттықтырушысы.
  • 1987 жылдан - Көкшетау қаласы №2 ОМ физика мұғалімі.
  • 1988 жылдан - М. Ғабдуллин атындағы № 3 орта мектеп-интернатының директоры (Көкшетау қ.).
  • 1990 жылдан - Көкшетау қаласы №19 ОМ директоры.
  • 1997 жылдан - Көкшетау қаласы Білім беру департаментінің, басқармасының, бөлімінің бастығы.
  • 2004 жылдан - Ақмола облыстық мемлекет қызметкерлері мен білім беру қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау институты Мемлекеттік қызметкерлерді оқытып-үйрету орталығы директорының орынбасары, 2005 жылдан - директоры (Көкшетау қ.). 2008 жылдың қаңтарынан бері - Ақмола облысы Білім беру басқармасының бастығы. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2010) белгілерімен; сонымен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері Ақмола облысы бойынша агенттігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен (2008) марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub