Марат Тәжімұратұлы Баймаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға

Марат Тәжімұратұлы Баймаханов 1929 жылы 26 тамызда Мәскеу қаласында туған.

  • Қазақ кен-металлургия институтын (1954) түсті, сирек және асыл металдар жөніндегі инженер-металлург мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты (1970), докторы (2007). 130-дан астам ғылыми еңбек пен жарияланымның авторы, «Тусті металлургия кәсіпорындарының ағынды суларын тазарту» монографиясының (1983) серіктес авторы, КСРО 20 өнертабысының (1966-1991) авторы.
  • 1954 жылдан - Текелі байыту комбинатында зерттеу тобының басшысы. 1961 жылдан - «Қазмеханобр» Түсті металдар кенін байыту жөніндегі мемлекеттік ғылыми- зерттеу және жобалау институтында инженер, аға инженер, зертхана меңгерушісі, 1969 жылдан - ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.1987 жылдан бері - «Қазмеханобр» ӨЭМҒӨБ ЕМК зерт ханасының меңгерушісі. ҚР Металлургиялық өнеркәсіп жұмысшыларының төралқа (1972-1980), түсті металдарды ғылыми-зерттеу қоғамының мүшесі. «Құрмет белгісі» орденімен (1968), «Ерен еңбегі үшін» В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне», «Еңбек ардагері», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жылдығы», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы» медальдарымен марапатталған. ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}