Марат Нұренұлы Балмұқанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Марат Нұренұлы Балмұқанов 1961 жылы 20 желтоқсанда Ақтөбе облысы Темір қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Балмұқанов Нұрен (1914-2003), ҰОС ардагері, Қандыағаш қ. аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі болған. Анасы - Балмұқанова Бәтима Ермекқызы (1925-2008), қызметкер болған.

Еңбек Қызыл ту орденді Мәскеу тау-кен институтының жаңа кен орындарын зерттеу факультетін (1985) «Пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарын ашық зерттеу технологиясы мен кешенді механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1979 жылдан - Шилісай фосфор кенішінің слесарі. 1980 жылдан - Еңбек Қызыл ту орденді Мәскеу тау-кен институтының студенті. 1985 жылдан - Шилісай фосфор кеніші тау-кен цехының тау-кен шебері. 1988 жылдан - Шилісай фосфор кеніші өндірістік бөлімінің бастығы. 1989 жылдан - «Ақтөбемұнай» ӨБ барлаулық бұрғылау басқармасының инженер-технологы. 1990 жылдан - «Талап» ЖШС директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1992 жылдан - «Медеу» жеке шағын кәсіпорынының дирөкторы. 1998 жылдан - Ақтөбе облыстық экономика басқармасының сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар бөлімінің бастығы. 2002 жылдан - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының экономика және әскерижүмылдыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі. 2003 жылдан - «Ақтөбе облыстық экономика сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасы» МБ аймақаралық ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру бөлімінің бастығы; 2004 жылдан - басқарма бастығының орынбасары. 2005 жылдан - «Ақтөбө облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп департаменті» МБ директорының орынбасары. 2008 жылдан - Ақтөбе облысы кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары. 2010 жылдың наурызынан бері - Ақтөбе облысы бойынша Кәсіпкерлік пен өнеркәсіп басқармасының бастығы. Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Діни көзқарасы - атеист.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан экономикасының өркендеуі, бәсекеге қабілетттілік рейтингі бойынша өрлеуге - 40-50 елдің қатарына кіруге қол жеткізуі; Оңтүстік Корея, Сингапур деңгейлеріне жөтуі». Хоббиі - авто, бильярд.

Сүйіп оқитын әдебиеті - классика, тарих. Үйленген. Жұбайы - Балмұқанова Райхан Сәдуақасқызы, жеке кәсіпкер. Ұлы - Балмұқанов Әлімжан Маратұлы (1988 ж. т.); қыздары - Балмұқанова Жазира Маратқызы (1991 ж. т.), Балмұқанова Жәнел Маратқызы (1999 ж. т.), Балмұқанова Ақмарал Маратқызы (2005 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub