Марат Кененбайұлы Мәзімбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы Марат Кененбайұлы Мәзімбаев (12 сәуір, 1974 жылы туған, Жамбыл облысы Қордай ауылы) – кәсіпқой боксшы, IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шығыс Азия ойындарының (1997), Қарулы Күштер арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 13-Азия ойындарының қола жүлдегері (1998).

Толығырақ

Алғашқы бапкерлері – Н.П. Фролов, С.Болдырев.

  • Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы (1993 – 96).
  • Қарулы Күштер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1998, Дублин,Ирландия).
  • 1997 ж. Германияның Галле қаласында өткен халықаралық турнирде күміс жүлдені иемденді.
  • Кәсіпқойлар арасында ІВА тұжырымы бойынша әлем чемпионы (2005, Алматы).
  • WBO тұжырымы бойынша интерқұрлық чемпионы (2005, Алматы).<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references>

Үлгі:Bio-stub