Марат Жәнібекұлы Мұзапаров
Марат Жәнібекұлы Мұзапаров (1939 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылында туған) – техника ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996). Қазақ политехникалық институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Лениногор геология барлау экспедициясында бұрғылау шебері, бас инженердің орынбасары (1964–65), Оңтүстік Қазақстан геология басқармасының бас инженер (1965–71), Қазақ КСР-і Геология министрлігі басқармасында бас инженер (1971–73), Шығыс Қазақстан Геология басқармасында отряд бастығы (1973–75), Қазақ минералды шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында бас конструктор, аға ғылыми қызметкер (1975–90) болды. 1990 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде профессор. Негізгі ғылыми еңбектері пайдалы қазба кен орындарын барлау мен оның техникаларына арналған.<ref name="Source 2">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>