Мапуту

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мапуту (1976 жылға дейін Лоренсу-Маркиш) (Maputo; Lourenqo Marques), МОЗАМБИК астанасы және айлақ, халық саны - 989 386 адам (1997).<ref>"Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Мәскеу, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>.

Үнді мұхитының ДЕЛАГОА шығанағының жағалауында орналасқан. Қаланың алғашқы атауы 1544 жылы осы жерді зерттеген португал саудагерінің құрметіне аталған болатын.

Қала 1787 жылы салынған португал бекінісінің айналасында дамыды. 1887 жылы қала мәртебесіне ие болды. 1907 жылы Мозамбикті Португалдық Шығыс Африканың астанасы ретінде алмастырды.

Ұлттық тәуелсіздік алған 1975 жылдан бастап туризм мен сыртқы сауда байланыстарының күйреуінен қаланың экономикалық жағдайы нашарлай бастады.

Дереккөздер

<references> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}