Мансұр мен Дәмеқыз айтысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мансұр мен Дәмеқыз айтысы – қазақ сөз өнері тарихындағы әдеби байланыс мұраларының бірі. Дәме Тобағабылқызы 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырдың бас кезінде қарақалпақ халқына танымал ақын болған. Айтыс 1910 жылы Қарақалпақстандағы Сарыбел деген жердегі үлкен тойда өткен. Екі ақынның бұл сөз сайысын М.Бекежанов кейін айтыс-дастан үлгісімен жазып шыққаны аңғарылады. Себебі, айтыстың тұтас құрылымында осы айтыстың тарихын, тойдың өткен уақытын, елдің жайын баяндайтын оқиғалар қамтылған. Айтыстың алғашқы бөлімінде қазақ пен қарақалпақ халықтарының шектес қоныстары (Қызылқұм, Қарақұм, Жаңадария, т.б.) мен Дәмелі қыздың кескін-келбеті жырланады. Екі ақын Сыр бойы қазақтарының отырықшылық, егіншілік кәсіптері мен қарақалпақ халқының тұрмыс-тіршілік салттарын сөз етеді. Айтыс мәтіні «Айтыс» (1942, 1964) жинағында және Н.Бекежановтың жинақтарында (1956, 1982) жарияланды.

Сілтемелер

"Сыр елі энциклопедиясы"

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мансұр мен Дәмеқыз айтысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}