Манитоба

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Манитоба (Manitoba), Орталық Канададағы провинция, халқы - 1 119 583 адам (2001). <ref> "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)</ref>.

Гудзонов шығанағының жағалауында орналасқан. Нунавут, Онтарио, Саскачеван және АҚШ-пен шекаралас. Астанасы: ВИННИПЕГ. Территориясының 3/3 бөлігін құз, орман және өзен тәрізді КАНАДАЛЫҚ көрікті жерлер алып жатыр.

Аймақты алғаш рет ЭСКИМОСТАР, КРИ үндістері, АССИНИБОЙНДАР мен ОДЖИБВЕЛЕР қоныстанған. «ГУДЗОНОВА ЗАЛИВ» компаниясы өлкенің табиғи байлықтарын өндіре бастайды, сондықтан бұл жер француздар мен ағылшындардың саудада басымдылық үшін күресетін жеріне айналады. 1763 жылы бұл жер Франциядан Британияның иелегіне өтеді.

Араласқандылардың көтерілісінен кейін 1870 жылы Манитоба Актісі шығарылады, акті бойынша ол Канаданың бесінші провинциясы болады. 19 ғасырдың соңында кемелер мен теміржолдар еуропалықтардың провинциямен танысуын жеңілдетті.

Экономикасының негізгі салалары - фермерлік, орман өңдеу, пайдалы қазбаларды өндіру. Ауыр өнеркәсіп Виннипег ауданында дамыған.

Дереккөздер

<references> Үлгі:Суретсіз мақала