Манап Өтебаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Манап Өтебаев (1938, Сарыағаш ауданы– 2004) – білім беру саласының маманы, химик, гидротехник, экономика ғылым. кандидаты. Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін, Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын 1960 ж. Ташкент облысы Сырдария ауданында мектеп мұғалімі болып бастады. 1961 – 69 ж. Шымкент политехника техникумында оқытушы, комсомол ұйымының хатшысы, 1969 – 93 ж. Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, директоры, 1994 – 2004 ж. Шымкент экономика және құқық колледжінің бас директоры қызметтерін атқарды. Ол нарықтық экономика мамандарын даярлауда, салауатты өмір салтын насихаттауда, қайырымдылық іс-шаралар өткізуде ерекше еңбек сіңірді. КСРО және Қазақстан Республикасы орта білім беру ісінің үздігі атанды. «Құрмет белгісі» (1986), «Парасат» (2001) ордендерімен, «Астана» медалімен (1998), ЮНЕСКО-ның Алтын медалімен (1999) марапатталған. Шымкент, Түркістан, Арыс қалаларының, Отырар , Ордабасы, Сарыағаш аудандарының құрметті азаматы.

Сілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Манап Өтебаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}