Манап Хасенов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Манап Хасенов (1 мамыр 1915, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Бапақ ауылы – 26 қазан 1998) – филология ғылымдарының докторы (1972).
Өмірбаяны
- ҚазПИ-ді (1948, қазіргі ҚазҰПУ) бітірген.
- Осы оқу орнында доцент (1948–1954)
- 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясының әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.
Ғылыми еңбектері
Ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің теориялық мәселелерін зерттеуге арналған. Көптеген оқулықтар мен кітаптардың:
- «Жазушы және өмір» (1958);
- «Ұнамды образ және типтендіру» (1966);
- «Дәуір және жазушы» (1968);
- «Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі» (1976); тағы басқа) авторы.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998. ISBN 5-89800-123-9</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}