Мамандандырылған партиялар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мамандандырылған партиялар - белгілі француз ғалымы М.Дюверженің анықтамасына сәйкес, сайлауға дайындық үшін, сайлау кампанияларын жүргізу, депутаттармен байланыс орнату мақсатында біріккен аса танымал адамдардың (нотабльдердің) тобы. Бұл партиялар қызметінің табысы оның белсенділерінің әрекеттеріне, олардың біліктілігіне, еңбек дағдысына, қабілетіне байланысты. Бұқаралық партиялар санмен қол жеткізетін табыстарға, мамандандырылған партиялар болашағы зор үміткерді тандаудан, оған тартымды имидж қалыптастырып, сайлау кампаниясын жүргізу техникасын жетік меңгеруінен, қаржылық қолдау табу мүмкіндігінен көрініс табады. Мамандаңдырылған партиялардың қызметі "мерзімдік" сипатта болады: сайлау кампаниялары тұсында аса белсенділік танытып, содан кейін тыншып қалады. Мамандандырылған партиялардың бұқаралық партиялардан ерекешеленетін тағы бір тұсымүшелік белгілері. "Егер мүшелік деп партияның алдындағы міндеттемелер мен тұрақты мүшелік жарнаны төлеп тұруды айтатын болсақ, онда мамандандырылған партиялардың мүшелері жоқ" - деп жазады француз саясаттанушысы. Мамандандырылған партияларда парламентарийлер басты әрекет етуші тұлғалар болып табылады. Белсенділердің бар жұмысы соларды сайлау төңірегінде жүргізіледі. Мұнда партияның негізгі тірегі болуға белсенділердің саны тым аз, олар игіліктер мен артықшылықтарды беретін үміткерлерге тікелей бағынышты.

<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мамандандырылған партиялар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}