Мал шаруашылық ағындылары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Мал шаруашылық ағындылары - Өзен, көл аңғарларына орналасқан көптеген мал фермалары суқоймаларды ластайтын негіздер болып табылады. Малдарды суаруды жеңілдету үшін, әдетте, мал фермаларын су көздерінің жағасына немесе жақын жерге орналастырады. Сұйық қалдықтар көп жинайтын орын болмаған жағдайда, бұл қалдықтар жаңбыр суымен оңай жуылып, су көздерін ластайды. Кішігірім өзендерде, фермадан төмен орналасқан алқапта табиғат қорғау шаралары болмаған жағдайда су лайланып иістенеді және балық қырылады. Мал шаруашылық қалдықтары, олардың құрамында ауру қоздырғыш ішек құртының жұмыртқалары (гельминттер) және патогендік микроорганизмдердің болуымен де қауіпті. Әсіресе, шошқа кешендерінің қалдықтары аса қатерлі болады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub