Мал азық сайсабақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Мал азық сайсабақ, Биік прангос (Үлгі:Lang-la) - биіктігі 1,5 см-ге жететін, көп жылдық, шатыршагүлділер тұқымдасы сайсабақ туысына жататын шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

Биік парангос – биіктігі 1,4 – 1,6 метрге дейін жететін, көп жылдық шөп тектес өсімдік. Оның тамыры жуан және жұмыр болады. Сабағы тік, түзу өседі, ұзындығы бойына сайлары бар. Тамырдан тікелей өсіп шығатын жапырақтарының сағақтары ұзын, бірнеше бөліктерге бөлініп, тілімденіп тұрады. Сабақ жапырақтары отырмалы, олар топ – топ болып өседі. Гүлдері шоғырланып, қолшатырға ұқсайды, түстері – сарғыш. Жемісі – майда, ақ түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдейді. Таудың тастақты беткейлерінде, бұталардың арасында өседі.

Табиғатта таралуы.

Республикамыздың оңтүстік және шығыс облыстары тауларының тастақты күнгей беткейлерінде, тау етектерінде, жабайы бұталардың арасында жиі өседі.

Химиялық құрамы.

Өсімдік тамырының құрамында илік заттар, эфир майлары, смолалар, аздаған алколоидтар, ал шөбінің құрамында протеин, көмірсулар, клетчатка, аздаған мөлшерде майлар бар.

Қолданылуы.

Дәрілік шикізат ретінде өсімдіктің тамырын жаздың соңында, күздің басындажәне ерте көктемде қазып алып, әдеттегі әдіспен кептіреді.

Емдік қасиеті және қолданысы

Мал дәрігерлігі практикасында өсімдік тамырының тұнбасымен ірі малдың қышымасын, қойдың қотырын емдейді. Екі литр суғазөсімдіктің майдаланған 250 – 300 г тамырын салып, 25 – 30 минут бүлкілденіп қайнатады да, суытып, дәкемен сүзеді. Дайын болған тұнбаны арнайы ыдсқа - принцовкаға - құйып тері қышымасын жақсылап жуады. Керек болса дәрілік тұнбаны көп мөлшерде дайындап алуға да болады<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Киіз үйде шыбын – шіркей көбейіп кетпес үшін жаз айларында еденге тамыр тұнбасын шашып қояды. Қою тұнба зиянды жәндіктердің бәрін қырып салады. Бірақ тамыр тұнбасын жас балалардың қолы жетпейтін жерге қою қажет. Дәрі үшін өсімдіктің тамырын жылдың кез келген уақытында жинап ала береді.

  • Құрамында эфир майлары, шайыр, илік заттар, алкалоидтар бар.
  • Бұл өсімдіктен жасалған дәрімен қышыма қотырды, тіс түбі еттерінің қабынуын емдейді.
  • Сонымен қатар зиянды жәндіктерді жою үшін пайдаланады.<ref> Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз