Мальдив Республикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Country or territory

Сурет:Flag of Maldives.svg
Мальдив Республикасының туы

Мальдив Республикасы, немесе Мальдив аралдары — Оңтүстік Азиядағы осы аттас аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 298 км². Халқы — 290 мың (1998). Ұлттық құрамына үнділер, синалездер мен арабтар енеді. Астанасы — Мале қаласы. Ресми тіл — мальдив (дивехи) тілі. Негізгі діні — сүннит бағытындағы ислам. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы — президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент (меджлис). Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні — 26 шілде. Ақша бірлігі — мальдив руфиясы.

Географиясы

Үнді мұхитында орналасқан Мальдив аралдары құрамында 2 мыңнан астам ойпатты, шағын аралдар — атолдар бар. Климаты — экваторлық, муссондық. Жылдық жауын-шашын мөлшері — 2500 мм, жылдық орташа температура 24 — 30°С.

Тарихы

Мальдив аралдары жөніндегі алғашқы жазба деректер 16 ғ-дан басталады. Арал халқының негізін қалаған Үндістан мен Цейлоннан (Шри Ланка) шыққан ария тайпалары болды. Олар аралдарды 10 ғасырдан бастап мекендеді. Елге 12 ғасырдан бастап ислам діні ене бастады. 12 ғасырдан 20 ғасырдың 2-жартысына дейін (1968) аралдарды Диди әулетінен шыққан мұсылман сұлтандары басқарды. 1558 жылы Мальдив Республикасының жерін португалдар басып алды, бірақ 1573 жылы жергілікті халық оларды ығыстырып шығарды. 17 ғ-дың 2-жартысында Мальдив сұлтандығы Цейлондағы голланд билеушілерінің қол астында болды. 1796 жылы Мальдив аралдары Ұлыбританияның ықпалына көшіп, 1887 жылы Британия протекторатына айналды. 1965 жылы 26 шілдеде Мальдив аралдарының толыққанды тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылды. Бұл күн Мальдив Республикасының ұлттық мейрамына айналды. 1968 жылғы 11 қарашадағы референдум нәтижесінде Мальдив Республикасы болып жарияланды.

Экономикасы

Мальдив Республикасының экономикасы балық және теңіз жәндіктерін аулау кәсібіне негізделген. Күріш, көкөніс (бұрыш, пияз, тәтті картоп), ]]нан ағашы]], манго, банан мен цитрус жемістері өсіріледі. Кокос пальмасының өнімдері (әсіресе копра) экспортқа шығарылады. Құс шаруашылығы аздап дамыған. Өнеркәсібі балық аулау кемелерін жасайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін шағын кәсіпорындардан құралған. Мальдив Республикасында 57 туристік орталық қызмет атқарады (2004). Сырттан тұтыну тауарларын, азық-түлік пен электрондық бұйымдар алады. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері — Үндістан,Шри Ланка, Таиланд пен [[[Сингапур]]. Ұлттық жалпы өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері — 3230 АҚШ доллары (1997). <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Үлгі:Countries of Asia Үлгі:Countries of South Asia Үлгі:WTO

Үлгі:SAARC


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мальдив Республикасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}