Малдыбаев Мұстақым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Малдыбаев Мұстақим - Алаш тұсының көрнекті қаламгері, білім саласын ұйымдастырушылардың бірі. Уфа қаласындағы Ғалия медресесін бі тірген. 1911- у 1918 жылдар аралығы-М.Мұстақим шығармашылығыныңдәуірлегентұсы. Бұл тұста ол « Қазақ», « Сарыарқа» газеттері мен « Айқап» журналына мақалаларын жариялап, талантты журналистік қырымен танылады. Мақалаларында сол тұстағы қазақ оқу-ағарту ісінің халі мен болашағы туралы талдау жасайды. Қазақ тілін қалай дамыту керек, оның болашақтың тілі болуына мүмкіндік жасау, өндіріс пен техникаға қалай араластыру керектігі жайлы көкейтесті мәселелерді көтереді. Қазақ әйелдерінің коғамдағы орны мен рөлі жөнінде де өзекжарды пікірлерін білдіріп отырады. Дін саясаты туралы талғамды талдаулар жасады. Одан баска да қоғамдық мәні зор мәселелер төңірегінде ой қозғайды. Бір қызығы, ол шығармаларын өз атымен жарияламаған көрінеді. Көбінде « М.М.», « Азамат Қорықбасов», « Мұстақым Ризабек», « Сәулесе» деген бұркеншік аттармен жариялап отырған екен.
1911 жылы Семейде « Жәрдем» баспасынан « Оқулық» атты кітабы жарық көреді. Бұл сол тұстағы айтулы оқиға еді. Қазақ балалары оқулыққа зәру кезеңде жарық көрген бұл оқулық көп адамның білім алуына жетекші құрал болғаны анык. 1912 жылы Андамасов деген азаматпен бірігіп « Қазақша ең жаңа әліппе» деген еңбек жазады. Ол Қазан қаласында басылып шықты. Бұл да өз кезінің сұранысына сай, дәл уақытында жазылған оқулық болды.
1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін Семей облысында Қазақ комитеті ұйымдастырылғанда, ол сол комитеттің құрамына енеді. Қазақ комитеттері ұлттық мәселелерді зерттеп, халыққа жетекшілік ететін ұйымға айналады. Семейде облыстық казак сиезі ұйымдастырылады. Сиезді ұйымдастырған зиялы топтың жуан ортасында М.Малдыбаев та болды. Кешікпей еңбегі ел назарын аударып, ол халықтың беделді азаматтарының қатарына қосылады. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылады. Мұнан соң М.Малдыбаевтыңұлттықмәселелерге деген танымыайқындала түседі. Қазақ халқының болашағы тәуелсіздікте екенін білген ол Алаш партия¬сының Семейдегі комитетін құруға ерекше еңбек сіңіреді. Алаш әскерін жасақтауға да қатынасты. Әсіресе, 1918-1919 жылдары Алаштың атты полкін ұйымдастыруға жан аямай кіріседі. Ел арасына барып, Алаш партиясының мақсатын тұсіндіреді. Қазақ елін қорғайтын бірден бір ұкімет Алаш екеніне жұрттың сенімін қалыптастыру жолында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
М.Малдыбаев өзінің өмірден алған мол білімін пайдалана отырып, қазақ арасындағы оқу-ағарту ісінің дамуы мен баспасөз қызметінің ірге тебуіне көп күш қосқан қайраткер. Ол Алаш қозғалысы кезінде де халыққа бастамашы бола білді.
Кеңес үкіметі тұсында Семейдегі педагогикалық колледжде, Губерниялык халық ағарту бөлімінде жұмыс істеді, баспасөзде редактор болды. Ақыр аяғында саяси қуғын-сұргіннің құрбаны болды.<ref>« Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}