Малайя топаралы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Малайя топаралыЖер шарындағы ең ірі аралдар шоғыры. Экватордың 6° с.е. мен 11° о.е. аралығындағы екі қапталын алып жатыр. Құрлықтық Азия мен Австралияның аралығында. Жалпы ауданы 2 млн. км², 10 мыңға тарта аралдар кіреді. Үлкен және Кіші Зонд, Филиппин, Молукка аралдары және көптеген ұсақ аралдар тобынан тұрады. Ең ірілері Үлкен Зонд аралдар тобындағы Суматра, Калимантан, Сулавеси және Ява аралдары. Жер бедерінде биіктігі орташа және аласа таулар көп. Ең биік жері Калимантан аралындағы Кинабалу тауы (4101 м). Ірі аралдарда жазықтар бар. Малайя топаралы Альпі-Гималай және Тынық мұхит қатпарлы белдеулерінің түйіскен жерінде орналасқан. Сөнген және әрекетті жанартаулар көп (Кракатау, т.б.).

Климаты экваторлық және субэкваторлық, ыстық әрі ылғалды. Ауаның температурасы жыл бойы бірқалыпты, 23 — 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 2000 мм, тауларда 5000 мм-ден асады. Өзендері қысқа, суы мол. Жазықтарда және аласа тауларда тропиктік ормандар өседі (пальманың түрлері, фикус, панданус, банан, т.б.). Түрлі маймылдар (орангутанг, гиббон, т.б.), жолбарыс, піл, мүйізтұмсық, орман құстары мекендейді. Кен байлықтарынан мұнай, темір, никель, марганец, т.б. кендердің қоры мол. Малайя топаралы Индонезия, Малайзия және Филиппин мемлекеттерінің аумағына кіреді. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub

ar:أرخبيل الملايو bg:Малайски архипелаг bs:Indonezijski arhipelag ca:Insulíndia de:Indonesischer Archipel en:Malay Archipelago eo:Malaja Insularo es:Insulindia et:Malai saarestik fa:مجمع‌الجزایر مالایی fi:Malaijien saaristo fr:Insulinde he:הארכיפלג המלאי hr:Indonezijski arhipelag it:Arcipelago malese ka:მალაის არქიპელაგი ko:말레이 제도 ku:Arşîpela Malay lt:Malajų salynas ms:Kepulauan Melayu nl:Indische Archipel os:Малайы архипелаг pl:Archipelag Malajski pt:Arquipélago malaio sr:Малајски архипелаг uk:Малайський архіпелаг zh:马来群岛