Макинск минералды суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Макинск минералды суы — шипалы жер асты су көзі. Ақмола облысы Макинск қаласынан шығысқа қарай 7 км жерде. Макинск минералды суының аймағын гидрогеологиялық тұрғыдан зерттегенде құрамында радоны бар жер асты суы табылған. Бұл жерде 50 — 71 м тереңдікте 15 ұңғыма қазылған. Минералды су 3,2 м тереңдіктен басталады. Судың деңгейі 10,7 м-ге төмендегенде, ұңғымадағы су шығымы 2,7 л/с-қа жетеді. Жер асты суының минералдығы 0,4 г/л, ал температурасы 7°С. Судың құрамы хлоридті-гидрокарбонатты, натрийлі-кальцийлі, кейде гидрокарбонатты-хлоридті магнийлі. Макинск минералды суының емдік қасиеттері жоғары және 38°С-қа дейін қыздырса, бальнеологиялық мақсатта қолдануға болады.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Макинск минералды суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}