Макар Жапаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Макар Жапаров (1858, қазіргі Орал облысы Орда ауданы — 1926, сонда) — халық композиторы, күйші.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Атақты халық композиторы Әлікейдің шәкірті. Макар Жапаров халық күйлерін (“Үлкен Ноғайлы”, “Кіші Ноғайлы”, т.б.) шебер орындаушы әрі насихаттаушы ретінде танылды. Өзі шығарған күйлері (“Күй шақыратын күй”, “Меңзер”, “Байжұма”) ел арасына кең таралған. Ол Бөкей Ордасындағы хан жәрмеңкесінде дәулескер күйшілер Жақия Асанұлы және Сары Тартшекеұлы өнер сайысына түсіп, орындаушылық шеберлігімен көзге түскен.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub