Макаревич мұздығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұздық Макаревич мұздығы - Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі қазаншұңқырлық мұздық. Мұздық атауы (1926-1992 жж.) кеңестік және қазақстандық мұзтанушы (гляциолог) Константин Григорьевич Макаревичтің есімімен аталған.

Географиялық орны және ауданы

Алматы облысы Қарасай ауданының оңтүстігінде Шнитников мұздығының батысында, Ақсай өзенінің бастауында жатыр. Ұзындығы 4,2 км, аумағы 5,9 км2, мұз көлемі 0,28 км2. Фирн (мұзқар) межесі 3600 м биіктіктен өтеді, мұздық тілі 3100 м-ге дейін түседі. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>