Майлыби Қапанұлы Алдабергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Майлыби Қапанұлы Алдабергенов (5.8.1947 ж.т., Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Көктерек ауылы) – химия ғылымының докторы (1992), профессор (1994). Ленинград (1970, қазіргі Санкт-Петербург) технология институтын бітірген. Алматы қаласындағы Химия ғылымдары институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер (1970–81), Қарағанды мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, химия мәселелері жөніндегі Білім ғылыми-өнеркәсіптік кешенінің директоры (1981–2003), ал 2003 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарады. Алдабергеновтың ғылыми жұмыстары көп компонентті жүйелерді зерттеу әдістемесін жасауға арналған. Алдабергенов – 200-ден астам ғылыми мақаланың, 5 кітап пен 10 авторлық куәлік және патенттің авторы.<ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}