Майкл Коллинз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Майкл Коллинз (31.10. 1930 ж.т., Италия, Рим) – АҚШ ғарышкері, Айға алғаш ұшқан адамдардың бірі. АҚШ Әскери академиясын бітірген соң (1952), Эдуардс базасындағы әскери-әуе күшінде сынаушы-ұшқыш болып қызмет етті. 1963 ж. АҚШ Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасының (NASA) ғарышкерлер тобына алынды. Дж. Янгпен бірге “Джемени-10” ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты (18 – 21 шілде 1966 ж). Ұшу барысында 2 рет ғарыш кемесінен ғарыш кеңістігіне шықты. “Аполлон-11” ғарыш кемесімен Айға ұшты (16 – 24 шілде 1969 ж.). Н.Армстронг пен Э.Олдрин Ай бетіне түскенде, ол Ай төңірегіндегі орбитада қалды. Айдың көрінбейтін бетіндегі кратердің біріне Коллинздің есімі берілген.

Дереккөздер

<references/>Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Майкл Коллинз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}