Майжарма каналы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Майжарма каналы, Сырдария ауданындағы Тереңөзек кентінің ортасымен ағады. 1939 – 40 жылдары салынған. Ұзындығы 20 км. Бастауын Сырдария өзенінен алып, бірнеше тармақтарға бөлінеді. Тереңдігі 2 м, 1 – 6 м. Канал суы Тереңөзек кенті шаруашылықтарына және егістік алқаптарды суару үшін пайдаланылады. Майжарма каналының сызбасын жасап, қазу жұмыстарын гидротехник С.Бедебеков басқарған.
Сілтемелер
"Сыр елі энциклопедиясы" Үлгі:Stub Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала