Майдандық қазақ газеттері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Майдандық қазақ газеттері

Майдандық қазақ газеттері<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> — 2-дүниежүзілік соғыс кезінде майдандағы қазақ жауынгерлеріне арналып шыққан әскери газеттер. Жауынгерлер арасында ақпарат таратуда, ұйымдастыру іс-шараларын жүргізуде Майдандық қазақ газеттерінің маңызы зор болды. Қазақ тілінде барлығы 20-ға жуық газет жарық көрді. Олар 1942 — 45 ж. шығып тұрған:

  • “Отан үшін” (Солтүстік-Батыс майданы)
  • “Жауға қарсы аттан” (1-Балтық жағалауы майданы)
  • “Суворовшы” (2-Балтық жағалауы майданы)
  • “Отанды қорғауда” (Ленинград майданы)
  • “Совет жауынгері” (3-Украин майданы)
  • “Қызыләскер ақиқаты” (Батыс, кейін 3-Белорус майданы)
  • “Отан намысы үшін” (1-Украин майданы)
  • “Майдан правдасы” (Волхов майданы)
  • “Жауды жоюға” (Брянск майданы)
  • “Сталин туы” (Оңтүстік, кейін 4-Украин майданы)
  • “Сталиндік жауынгер” (Приморье тобы, кейін Приморье соғыс округі)
  • “Отан үшін ұрысқа” (Карелия майданы)
  • “Дабыл” (Қиыр Шығыс майданы), т.б. Газет беттерінде 2-дүниежүзілік соғыстың барысы, елдегі хал-ахуал, қазақ жауынгерлерінің майдан даласындағы ерлік істері, т.б. мәселелер көтерілді.

Газеттерді шығаруға:

  • Қ.Әбдіқадыров
  • Д.Әбілев
  • Ж.Молдағалиев
  • С.Мәуленов
  • С.Сейітов
  • Ж.Жұмақанов
  • Ы.Дүйсенбаев
  • С.Машақов
  • Ә.Бектемісов
  • Қ.Сағындықов
  • М.Дінішев
  • О.Құдышев
  • Б.Жұмағалиев
  • Қ.Шәріпов, т.б. ақын, жазушы, журналистер атсалысты.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Майдандық қазақ газеттері|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}