Майдамтал асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Майдамтал – Талас Алатауының батыс сілеміндегі асу.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 3524 м. Піскем және Күркіреусу өзендерінің суайрығы. Жотаның солтүстік беткейіндегі Күркіреусудың саласы Майдамтал бойымен жүретін соқпақ жол Майдамтал арқылы оңтүстік беткейдегі Піскемнің бастауына асады.<ref name="test">Қазақ энциклопедиясы</ref>