Майа Яаковна Сепп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Майа Яаковна Сепп 1985 жылы 22 сәуірде Эстонияның Таллинн қаласында туған. Эстон.

Әкесі - Сепп Яак Раймондович, скрипкашы, Миккели қаласының (Финляндия) филармониялық симфониялық оркестрінің әртісі. Анасы - Қадырбекова Гүлжәмиля Ихсанқызы, пианист, ҚР Халықәртісі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Верчелли қаласындағы (Италия) Виотти атындағы Халықаралық пианистер конкурсындағы бірінші абсолюттік сыйлықтың лауреаты.

П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано факультеті профессор А. Мндоянцтың классын үздік бітірген (2008), концерттік орындаушы, педагог; қазіргі уақытта Карлсруэ Жоғары музыка мектебінің магистратурасында профессор Калле Рандалудың классында оқуда (Германия).

Орыс, қазақ, ағылшын және неміс тілдерін біледі. «Ле Муза» халықаралық пианистер конкурсындағы үшінші сыйлықтың (Неаполь қаласы, Италия, 1999), ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Білім беру қорының патронажымен өткізілген «Үміттер шоқжұлдызы» байқауының (2002) лауреаты. Бетховен атындағы байқаудың аясындағы үшінші Халықаралық пианистер конкурсындағы Гранпридің иегері (Вена қ., Австрия, 2009).

Зальцбург қаласындағы В.А. Моцарт атындағы (Австрия), Лейпциг қаласындағы И.С. Бах атындағы (Германия), Юрмала (Латвия), Таллинн (Эстония), Карлсруэ (Германия) қалаларындағы халықаралық конкурстардың қатысушысы, жеңімпазы.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Хоббиі -жүзу, би, әдебиет, кескіндеме, сән.

Сүйіп оқитын әдебиеті - Ф. Шиллер, А. Куприн, О. Генри, Э.-М. Ремарк, Э. Хэмингуэй, Т. Әбдіков.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub