Мажоритарлық сайлау жүйесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мажоритарлық сайлау жүйесі (majorіte — көпшілік) — сайлау кезінде дауыс берудің нәтижелерін анықтау тәртібі. Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде үміткер немесе партия сайлануы үшін сайлаушылардың көпшілік дауысын алуы қажет. Әрбір округтегі депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиесілі. Мажоритарлық сайлау жүйесі абсолютті және салыстырмалы аталатын екі түрге бөлінеді. Абсолютті жүйеде басым көпшілік дауысты (50%+1) алған үміткер сайланады. Үміткер көпшілік дауыс ала алмаған жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Салыстырмалы Мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50%-дан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрінде де сайлау округтері бір мандатты болып келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мұндай Мажоритарлық сайлау жүйесі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапонияда дамыған. Мажоритарлық сайлау жүйесі қарапайым әрі оңай. Мажоритарлық сайлау жүйесінің артықшылығы:

  • Үкімет құрудың жеңілдігі мен оның тұрақтылығы;
  • Сайлаушылар мен депутаттар арасында тұрақты байланыстардың қалыптасуында жатыр.

Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мажоритарлық сайлау жүйесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}