Мадам д’Онуа, Мари-Катрин д’Онуа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мадам д’Онуа, Мари-Катрин д’Онуа (Үлгі:Lang-fr, Madame d'Aulnoy, 14 қаңтар 1651 жыл, Барневиль (төменгі Нормандия) – 13 қаңтар 1705 жыл, Париж) – француз жазушысы, классикалық француз ертегілерінің авторларының бірі.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC_%D0%B4%27%D0%9E%D0%BB%D0%BD%D1%83%D0%B0</ref>

Ол өзінің шығармаларын 1690 жылдан бастап шығара бастайды: «Испанияға саяхат туралы хаттар» (Relations du voyage en Espagne), «Ипполит пен граф Дугластың тарихы» (Histoire d’Hippolyte, comte de Douglas, 1691), «Граф де Варвик» (Le Comte de Warwick,1703). «Шаттық аралы» (L’Île de la félicité) – Францияда шыққан тұңғыш қиял-ғажайып ертегісі. 1697 жылы «Қиял-ғажайып ертегілер» (Les contes des fées) атты 4 томдық шығармасы басылып шығады. Танымал ертегілері: «Ханшайым мысық», «Көгілдір айдар», «Жасыл жылан», «Грейс пен Дерек» және т.б.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}